РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 117 ұсынысы негізінде, Тарғын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің Тарғын ауылында мүйізді ұсақ малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Тарғын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – мал дәрігері С. Егизбаевқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
| Тарғын ауылдық округінің әкімі | Н. Актанов |