РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына сәйкес және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 118 ұсынысы негізінде, Ұлан ауданы Асубұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде "Орман шаруашылығы" учаскесінде мүйізді ұсақ малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Асубұлақ кенті әкімінің аппаратының бас маман С.Толеухановты осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Асубұлақ кентінің әкімі | М. Мукашев |