Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Дайыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Дайыр ауылдық округіндегі Көкжыра, Жамбыл, Дайыр ауылдарында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С.Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Дайыр ауылдық | |
| округінің әкімі | Б. Балғабаев |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Зайсан ауданының бас мемлекеттік | |
| ветеринариялық-санитарлық инспекторы | С. Қожекенов |
21 қазан 2014 жыл