РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 18-бабы 2) тармақшасына, 238-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауылдық жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Бесқарағай аудандық әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3186 тіркелген, 2014 жылғы 15 ақпанда "Бесқарағай тынысы" газетінің № 16 санында жарияланған) 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 542 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулы осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Е. Е. Рахметуллинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Сыдықов |
| | |
| | |
| "КЕЛІСІЛДІ": | |
| | |
| | |
| Бесқарағай аудандық | |
| мәслихатының хатшысы | К. Садыков |
| | "31" наурыз 2014 жыл |
| Бесқарағай аудандық әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 542 қаулысына қосымша Бесқарағай аудандық әкiмдiгiнiң 2014 жылғы "31" наурыз № 111 қаулысына 4 қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесiнiң ауылдық
жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген
ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесi
1. Директор;2. Директордың орынбасары;
3. Филиалдың директоры;
4. Ветеринарлық пункт меңгерушісі;
5. Мал дәрігері;
6. Мал фельдшері.