"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 21.01.2015 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ізтілеуовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Қ.Абдуалиев |
| Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 525 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 21.01.2015 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).| № | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
| республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
| 1 | Түлкібас ауданы | 5109 | 4279 | 830 |
| Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 525 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шаққанда қаржыландырудың мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 21.01.2015 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).| Барлығы | Айына бір тәрбиеленушіге кететін шығыс, теңге (көп емес) | |||
| Бала бақша 60 балаға дейін | Бала бақша 60 баладан жоғары | Мектеп жанындағы шағын орталық толық күндік | Мектеп жанындағы шағын орталық жартылай күндік | |
| 22 134 | 19 300 | 12 701 | 7 304 | |
Ескерту: Ғимараттар мен құрылымдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығынға қоса есептелмейді.
| Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 525 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
| 238,09 | 5000 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.