РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 21.04.2015 № 165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А.Аймұрзаев |
| Созақ аудан әкімдігінің "11" мамыр 2014 жылғы № 150 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
| республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
| 1 | Созақ ауданы | 2546 | 722 | 1824 |
| Созақ аудан әкімдігінің "11" мамыр 2014 жылғы № 150 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
| Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
| Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
| 20334,8 | 13698,7 |
| Созақ аудан әкімдігінің "11" мамыр 2014 жылғы № 150 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
| 344,15 | 7227,15 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.