Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 30.05.2019 № 379/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 3-тармағына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарына байланысты автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлеріне базалық салық ставкаларының мөлшері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы, қалалық | |
| мәслихаттың хатшысы | М. Желнов |
| Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы N 233/32 шешіміне 1-қосымша |
Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
N | Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері | Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты | Павлодар қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты | Автотұрақтар (паркингтер) санаты |
1 | Қызметтік автотұрақтар (паркингтер) | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | 1–санат |
2 | Айып автотұрақтары | Автокөлік құралдарын айып автотұрақтарында сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
3 | Су көлік құралдарының тұрағы | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі су көлік құралдарын сақтау | Су көлік тұрақтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
4 | Аз қозғалатын топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын орындар | Аз қозғалатын топтардың автокөлік құралдарын және велотранспортты сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
5 | Тәулік бойы бір орынға жүк машиналары қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер) | Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк көліктерін қысқа мерзімде сақтау | Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін | 2–санат |
6 | Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы негізде сақтау | Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
7 | Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер) | Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау | Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
8 | Тәулік бойы бір орынға машина қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер) | Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау | Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін | 3–санат |
| Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы N 233/32 шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай
автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге
салынатын базалық салық ставкасының мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 01.06.2016 N 41/5 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкасын ұлғайту мөлшері |
1–санат | 1 |
2–санат | 5 |
3–санат | 10 |