"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдарына арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 13 маусымдағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бекiтiлсiн:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2014 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2014 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерi;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшерi.
2. Қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкiмiнiң орынбасары Ғ.Бәймішевке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Аудан әкімінің | |
| міндетін атқарушы | С. Мақашов |
| Қазалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 207 қаулысына 1 қосымша |
2014 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
№ | Аудан атауы |
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен |
1 | Қазалы ауданы | 1228 |
| Қазалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 207 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерi
№ | Аудан атауы |
Бiр тәрбиеленушiге бiр айда жұмсалатын шығын | |
Балабақшалар | Шағын орталықтар | ||
1 | Қазалы ауданы | 25 945 теңгеден кем емес | 11 230 теңгеден кем емес |
| Қазалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 207 қаулысына 3 қосымша |
2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшерi
№ | Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшерi | Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшерi |
1 | Алты еселенген айлық есептiк көрсеткiштен артық емес |
Он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен |