"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.02.2025 № 37 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 19.02.2025 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қызылорда қаласының мына көшелері:
1) Береке көшесі Мерғали Ибраев есімімен;
2) Жалағаш көшесі Оралхан Камардинов есімімен;
3) Проектная көшесі Алексей Донской есімімен;
4) Сәулет - 9 көшесі Абайділдә Дәулетбаев есімімен;
5) Сәулет - 27 көшесі Шәдібай Абдуллаев есімімен;
6) "Саяхат - 2" көшесі Әнес Өтегенов есімімен;
7) "Саяхат - 4" көшесі Абылай Айдосов есімімен қайта аталсын.
2. Қызылорда қаласының "Арай" мөлтек ауданындағы Оралбек Әбдімомынов көшесіне параллель орналасқан оң жағындағы бірінші көшеге Ұзақ Оралбай есімі берілсін.
3. Алынып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.12.2015 № 261 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.12.2015 № 329 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
|
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 31-сессиясының төрағасы |
Қ. Бисенов |
|
Қызылорда облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
Н. Ерманов |