Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс бірінші әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А.Мұхамбетов | ||
| | Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 178 қаулысына қосымша | ||
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).| № р/с | Критерий атауы | Иеліктен шығару түрі |
| 1 | Мынадай критерийлер болған жағдайда: объектіні бұдан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігі болмауы; саудаға қатысушылардың кең шеңберін тарту. | Сауданы аукцион формасында өткізу |
| 2 | Мынадай критерийлер болған жағдайда: сату шарттарын анықтау жолымен белгіленген уақыт кезеңіне Объектіні мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық бережақтарды өтеу, жалақы бойынша бережақты өтеу және басқа шарттар); болуы мүмкін ең жоғарғы баға бойынша объектін іске асыру қажеттілігі. | Коммерциялық тендер формасында саудаларды өткізу |
| 3 | Алып тасталды – Ақтөбе облысының әкімдігінің 08.09.2014 № 317 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
| 4 | Мынадай критерийлер болған жағдайда: сенімгерлікпен басқарушы, жалдаушы (жалға алушы) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған шарт жағдайларының орындалуына мемлекеттің бақылауын белгіленген уақыт кезеңіне сақтау қажеттілігі; | Тікелей адрестік сату |
| 5 | Мынадай критерий болған жағдайда: Оларды одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігі болмаған кезде, мемлекетке тиесілі құнды қағаздарды сату | Қор биржасында саудаларды өткізу |