Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі әкімінің 09.08.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2014 жылғы 18 тамыз № 01-16-665 ұсынысы негізінде, Софиевка ауылдық округінің әкімінің м.а ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округінің Софиевка ауыл аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Софиевка ауылдық округінің әкімінің м.а. |
Яковлева Е.Л |