РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 3799 тіркелді, 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 36 "Егіндікөл" аудандық газетінде жарияланды) 2013 жылғы 12 тамыздағы № а–8/174 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Егіндікөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) он екі айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) бірде-бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
4) маусымдық жұмыс мерзімдерінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан тұлғалар.".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Егіндікөл ауданының әкімі | А.Тайжанов |