Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 01.09.2026 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Костанайские новости" газетінде, 2009 жылғы 30 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесіндегі:
"
306. | Жаркөл көлі | 3200 | Қостанай |
307. | Жатқамбай көлі | 1600 | Қостанай |
313. | Көкбекті көлі | 1750 | Қостанай |
317. | Қостомар көлі | 400 | Қостанай |
325. | Қонайжаркөл көлі | 1600 | Қостанай |
492. | Қожай көлі | 153 | Таран |
637. | Соркөл көлі | 429 | Федоров |
643. | Тызыгун көлі | 1060 | Федоров |
791. | № 1 Қонайжаркөл көлі | 600 | Қостанай |
"
деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай | |
облысының әкiмi | Н. Садуақасов |
КЕЛIСIЛДI: | |
"Қазақстан Республикасы Қоршаған | |
ортаны қорғау министрлігі Балық | |
шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай | |
облысаралық бассейндік балық | |
шаруашылығы инспекциясы" республикалық | |
мемлекеттік мекемесінің (РММ) басшысы | |
_______________ Н. Сәрсенов | |
"Қазақстан Республикасы Қоршаған | |
ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары | |
комитетінің "Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай | |
бассейндік инспекциясы" РММ басшысы | |
_______________ Г. Оспанбекова | |
"Қостанай облысының экология департаменті" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | |
_______________ А. Әлімбаев |