Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 26.09.2017 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3529 тіркелген, 2013 жылғы 19 наурыздағы № 14 аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1 тармақтың 1) тармақшасының бесінші азат жолы;
1 тармақтың 1) тармақшасының жетінші азат жол бөлігіндегі "жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге" сөздері;
1 тармақтың 2) тармақшасының бөлігіндегі "сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2, 5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге" сөздері;
2 тармақтың бөлігіндегі "жеке үйлерде тұратындарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны" сөздері;
2 тармақтың екінші азат жол бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр қуатын бiр фазалық есептеуiштiң құнына" сөздері;
3 тармақтың бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына" сөздері;
9 тармақтың бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнына шығындарына" сөздері;
13 тармақтың бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны шығындарына" сөздері;
18 тармақтың екінші азат жол бөлігіндегі "тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк класы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құны" сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: | Қ. Нұрғалиев |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы: | А. Кайрушев |