"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысының 12-тармағына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми–зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысының негізінде, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылы оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын:
1) жаздық дәнді (бидай, арпа, сұлы, қара құмық) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
2) бұршақтұқымдастар (бұршақ, аңқа) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
3) майлы (рапс, күнбағыс, зығыр, қыша) 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
4) күзгі дәнді (қара бидай, бидай) 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
5) картоп 10 мамырдан 31 мамырға дейін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.С. Болатовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Т. Ташмағамбетов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ұзынкөл ауданының кәсіпкерлік | |
және ауыл шаруашылық бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
___________________ К. Аскаров |