Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 03.10.2013 № 183 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Еңбек рыногындағы жағдайға қарай Байғанин ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін:
1) 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар;
2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
3) 55 жастан асқан жұмыссыз ер адамдар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі: | Б.Кемешов |