Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 08.05.2019 № 331 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, сайлау комиссиясымен келісе отырып, Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісімі бойынша), сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Қала, кент, ауылдық округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Тұрбеков |
| Мақтаарал ауданы әкімдігінің 09.12.2011 жылғы № 2161 қаулысына 1 қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар
Жетісай қаласы:
1. Ескендіров көшесі бойындағы Абай атындағы жалпы орта мектебі;
2. Л.Мұсабаев көшесі бойындағы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі;
3. Амангелді көшесі бойындағы Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі;
4. Л.Мұсабаев көшесі бойындағы М.Горький атындағы жалпы орта мектебі;
5. Л.Тоқбергенов көшесі бойындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы.
Қазыбек би ауылдық округі:
1. Құрбаната елді мекенінде орналасқан Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі;
2. Ә.Оспанов елді мекенінде орналасқан Амангелді атындағы жалпы орта мектебі;
3. Жамбыл елді мекенінде орналасқан Байзақов атындағы жалпы орта мектебі;
4. Таубай ата елді мекенінде орналасқан М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі.
А.Қалыбеков ауылдық округі:
1. Атамұра елді мекенінде орналасқан Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектебі;
2. Абат елді мекенінде орналасқан Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі;
3. Үлгілі елді мекенінде орналасқан "Үлгілі" жалпы орта мектебі.
Достық ауылдық округі бойынша:
1. Достық елді мекенінде орналасқан мәдениет үйі;
2. Гүлстан елді мекенінде орналасқан Тұрсынзаде атындағы жалпы орта мектебі;
3. Хайдар елді мекенінде орналасқан С.Айни атындағы жалпы орта мектебі;
4. Бескетік елді мекенінде орналасқан М.Ғабдулин атындағы жалпы орта мектебі.
Қарақай ауылдық округі:
1. Сәтпаев елді мекенінде орналасқан Ш.Құдайбердиев атындағы жалпы орта мектебі;
2. Қарақай елді мекенінде орналасқан М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебі;
3. Кетебай елді мекенінде орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі;
4. Қараөзек елді мекенінде орналасқан "Қараөзек" жалпы орта мектебі.
Жаңа ауыл ауылдық округі:
1. Ынтымақ елді мекенінде орналасқан Ш.Құдайбердиев атындағы жалпы орта мектебі;
2. Мырзашөл елді мекенінде орналасқан фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратының жанында;
3. Атақоныс елді мекенінде орналасқан Жәми атындағы жалпы орта мектебі;
4. Қарой елді мекенінде орналасқан фельдшерлік-акушерлік пункті ғимараты;
5. Жаңа ауыл елді мекенінде орналасқан Яссауи атындағы жалпы орта мектебі ғимаратының алдында;
6. Әбдіхалық елді мекенінде орналасқан Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі.
Жылы су ауылдық округі:
1. Байқоныс елді мекенінде орналасқан М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі;
2. С.Сейфуллин елді мекенінде орналасқан С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі;
3. Жылы су елді мекенінде орналасқан М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі;
4. Әл-Фараби елді мекенінде орналасқан № 114 жалпы орта мектебі;
5. Баққоныс елді мекенінде орналасқан Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі;
6. Мырзашоқы елді мекенінде орналасқан І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебі.
Асықата кенті:
1. М.Әуезов көшесінде орналасқан "Қайнар" мектеп – гимназиясы;
2. А.Әлімбетов көшесінде орналасқан "Жеңіс" мектеп-гимназиясы;
3. Қазыбек би көшесінде орналасқан "Асықата" № 1 орталық ауруханасы;
4. Әбілқасымов көшесінде орналасқан № 15 кәсіптік мектеп.
Ынтымақ ауылдық округі:
1. Өркенді елді мекенінде орналасқан "Асықата" жалпы орта мектебі;
2. Әден ата елді мекенінде орналасқан "Ынтымақ" жалпы орта мектебі;
3. Талапты елді мекенінде орналасқан С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі;
4. Көрікті елді мекенінде орналасқан "Еңбекші" жалпы орта мектебі.
Ш.Ділдабеков ауылдық округі
1. Жеңіс елді мекенінде орналасқан Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебі;
2. Бірлік елді мекенінде орналасқан С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі;
3. Сұлубұлақ елді мекенінде орналасқан "Қызылтаң" жалпы орта мектебі;
4. Зерделі елді мекенінде орналасқан Н.Исмайлов атындағы жалпы орта мектебі;
5. Жаңа дала елді мекенінде орналасқан "Жаңа дала" жалпы орта мектебі.
Ж.Ералиев ауылдық округі
1. Арай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйінің ғимараты;
2. А.Әлімбетов елді мекенінде орналасқан "Сырдария" жалпы орта мектебі;
3. Жетіқазына елді мекенінде орналасқан Ә.Қастеев атындағы жалпы орта мектебі;
4. Үтіртөбе елді мекенінде орналасқан Қ.Сәтпаев атындағы жалпы орта мектебі;
5. Көктөбе елді мекенінде орналасқан М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі;
6. С.Сейфуллин елді мекенінде орналасқан С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі.
Абай ауылдық округі:
1. Жүзімдік елді мекенінде орналасқан Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі;
2. Бейбітшілік елді мекенінде орналасқан Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі;
3. Отан елді мекенінде орналасқан Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі.
Қызылқұм ауылдық округі:
1. Еңбекші елді мекенінде орналасқан "Қызылқұм" жалпы орта мектебі;
2. Первомайское елді мекеніндегі Я.Есенбеков атындағы жалпы орта мектебі.
Мақталы ауылдық округі:
1. Ғ.Мұратбаев елді мекенінде орналасқан Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі;
2. А.Чехов елді мекенінде орналасқан А.Чехов атындағы жалпы орта мектебі;
3. Ы.Алтынсарин елді мекенінде орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі;
4. Алмалы елді мекенінде орналасқан "Достық" жалпы орта мектебі.
Атамекен ауылдық округі:
1. Атамекен елді мекенінде орналасқан "Жібек жолы" жалпы орта мектебі;
2. Талапты елді мекенінде орналасқан "Мырзашөл" жалпы орта мектебі;
3. Жемісті елді мекенінде орналасқан Қазыбек би атындағы жалпы орта мектебі;
4. Мақташы елді мекенінде орналасқан "Мақташы" жалпы орта мектебі;
5. Қоғалы елді мекенінде орналасқан Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі.
Мырзакент кенті:
1. С.Жәштаев көшесіндегі кент әкімі аппараты ғимараты.
Атакент кенті:
1. Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан "Достық" мәдениет үйі.
Мақтаарал ауылдық округі:
1. Береке елді мекенінде орналасқан Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебі;
2. Мәдениет елді мекенінде орналасқан "Мәдениет" жалпы орта мектебі;
3. Игілік елді мекенінде орналасқан Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі;
4. Көкарал елді мекенінде орналасқан Т.Бигельдинова атындағы жалпы орта мектебі;
5. Назарбек елді мекенінде орналасқан А.Навои атындағы жалпы орта мектебі;
6. Н.Есентаев елді мекенінде орналасқан М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебі;
7. Азаттық елді мекенінде орналасқан Мәдениет үйі ғимараты.
Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі:
1. Өнімкер елді мекенінде орналасқан Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі;
2. Ынталы елді мекенінде орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі;
3. Мырзатөбе елді мекенінде орналасқан М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі;
4. Қарақыр елді мекенінде орналасқан Ұ.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебі.
Бірлік ауылдық округі:
1. Қ.Пернебаев елді мекенінде орналасқан "Бірлік" жалпы орта мектебі;
2. Табысты елді мекенінде орналасқан И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі;
3. Алғабас елді мекенінде орналасқан "Береке" жалпы орта мектебі.
Жамбыл ауылдық округі:
1. Октябрь елді мекенінде орналасқан № 117 жалпы орта мектебі;
2. Абай елді мекенінде орналасқан Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі;
3. Көкпарсай елді мекенінде орналасқан С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі.
Жаңажол ауылдық округі:
1. Ақ жол елді мекенінде орналасқан "Жаңа жол" жалпы орта мектебі;
2. Арай елді мекенінде орналасқан С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебі;
3. Өргебас елді мекенінде орналасқан Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі;
4. Фирдауси елді мекенінде орналасқан Фирдауси атындағы жалпы орта мектебі;
5. Жеңіс елді мекенінде орналасқан Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі.
Иіржар ауылдық округі:
1. Диқан елді мекенінде орналасқан Қажымұхан атындағы жалпы орта мектебі;
2. Иіржар елді мекенінде орналасқан "Асылмұра" жалпы орта мектебі;
3. Азамат елді мекенінде орналасқан Х.Алимжан атындағы жалпы орта мектебі;
4. Наурыз елді мекенінде орналасқан Н.Бекежанов атындағы жалпы орта мектебі;
5. Алаш елді мекенінде орналасқан "Жас Алаш" жалпы орта мектебі;
6. Мақтажан елді мекенінде орналасқан "Мақтажан" жалпы орта мектебі.
Еңбекші ауылдық округі:
1. Т.Жайлыбаев елді мекенінде орналасқан ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты;
2. Нұрлы таң елді мекенінде орналасқан "Нұрлы таң" жалпы орта мектебі;
3. Шұғыла елді мекенінде орналасқан "Шұғыла" жалпы орта мектебі;
4. Жантақсай елді мекенінде орналасқан № 116 атындағы жалпы орта мектебі.
| Мақтаарал ауданы әкімдігінің 09.12.2011 жылғы № 2161 қаулысына 2 қосымша |
Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі
1. Жетісай қаласы, Амангелді көшесінде орналасқан Мәдениет үйінің мәжіліс залы;
2. Асықата кенті, А.Әлімбетов көшесінде орналасқан Мәдениет үйінің мәжіліс залы;
3. Атакент кенті, Н.Төреқұлов көшесінде орналасқан Халықтар достығы мәдениет сарайының мәжіліс залы;
4. Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесінде орналасқан Мәдениет үйінің мәжіліс залы.