Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 12.03.2018 № 21/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" № 99-IV Кодексінің 422-бабына (Салық кодексі) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Тимирязев ауданының аумағында қызмет ететін барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
| XXXIX сессия төрағасы | хатшысы |
| Е. Коканов | Ғ. Шаяхметов |
КЕЛІСІЛДІ
2011 жылғы 2 желтоқсан
"Тимирязев ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Сүтемгенов
| Аудандық мәслихаттың | |
| 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 39/2 шешiмiне қосымша |
Тіркелген салықтық бірыңғай ставкалары
№ | Кәсіпкерлік қызметтің түрі | Салық салу объектісінің бірлігіне мөлшерлемелердің 1 айлық мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерінде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |