"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарасу ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ. Қисиқовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Сейфуллин |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қарасу ауданы | |
әкімдігінің | |
қаржы бөлімі | |
мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | |
_______ И. Горлова |
Әкімдіктің 2011 жылғы 25 қазандағы № 275 қаулысымен бекітілген |
Қарасу ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесі
Рет- тік саны | Объектінің атауы | Объектінің мекенжайы және баланс ұстаушысы | Негізі | Объектінің жағдайы |
1 | "ВАЗ 21213" автомашинасы, Р 582 ВС мемлекеттік нөмірі, 2000 жылы шығарылған | Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 66, "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі | "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының 2010 жылғы 12 қарашадағы № 703 өтініші | Техникалық бұзылған |