Ескерту. Шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округі әкімінің 19.01.2021 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Минеевка ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің Минеевка ауылының құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | А. Хабдулин |
| Ауылдық округ әкімінің 2010 жылғы 22 қыркүйегінің № 7 шешіміне қосымша |
Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің атау берілген Минеевка селосының құрамдас бөліктерінің тізбесі
Бірінші көшеге – Тың көшесі;
Екінші көшеге – Солтүстік;
Үшінші көшеге – Мектеп бұрылысы.