Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі əкімінің 06.12.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің бүкіл мəтіні бойынша "селолық", "селосы" деген сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округі əкімінің 06.12.2019 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес, Жаңажол ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
1) Жаңажол ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Есіл
Екінші көшеге – Мектеп
Үшінші көшеге – Қазақстан Республикасы
Төртінші көшеге – Аққайың
Бесінші көшеге – Бәйтерек;
2) Жаңаталап ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Бейімбет
Екінші көшеге – Бейбітшілік;
3) Кеңес ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Абылай хан атындағы
Екінші көшеге – Мектеп
Үшінші көшеге - Достық.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округі әкімінің 2011.11.21 № 1 Шешімімен (бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | М. Сүлейменов |