"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-бөліміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2011 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына:
1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең мөлшер сомасында көтерме жәрдемақы;
2) айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесі – тұрғын-үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2011.08.01 N 40/5 Шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың XХХІІ сессиясының төрағасы |
З. Құрманқұлов |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Н. Дятлов |
|
КЕЛІСІЛДІ: "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2010 жылғы 23 желтоқсан |
Х. Найманов |
|
"Шал ақын ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы 2010 жылғы 23 желтоқсан |
Ж. Бекетова |