Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 04.07.2018 № 29-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республиканың 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" заңының 6-бабына Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің 422-бабының 2-тармағына, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Ақжар ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін бір айда тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2011.12.20 N 39-3 Шешімімен (бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. 2005 жылғы 11 наурыздағы № 16-3 "Белгіленген салық жиынтығының мөлшерін бекіту туралы" (2005 жылдың 16 сауірдегі № 15 "Дала Дидары" газетінде жарияланған, 2005 жылдың 29 наурызында № 1550 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізімінде мемлекеттік тіркеуден өткен) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім бұқара ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
| Аудандық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | К.Нұрымбеков |
| Аудандық | |
| мәслихат хатшысының м.а. | Е.Жақыпов |
| КЕЛІСІЛДІ: | |
| Ақжар ауданы бойынша | |
| салық басқармасының бастығы | М.Тоқышев |
| Аудандық мәслихатының 2011 жылдың 20 желтоқсан № 39-3 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары
Салық салу объектісінің атауы | Салық салу объектісінің бірлігіне ставкалардың бір айлық мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) | |
1. | Бильярд үстелі | 13 |
2. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
4. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
5. | Ойын жолы | 5 |
6. | Қарт | 2 |