Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 01.09.2026 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Костанайские новости", 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Қостанай таңы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар су тоғандарының тізбесіндегі:
"
430. | Петров тоғаны | 280 | Меңдіқара |
"
жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Кулагин |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Балық шаруашылығы комитетінің "Тобыл-Торғай | |
облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
___________ Н. Сәрсенов | |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Су ресурстары комитетінің "Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік | |
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
______________ Г. Оспанбекова |