Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 371 "Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы" Қаулысына сәйкес, Абай қаласының тұрғындарына тауарды тежеу мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Көрме-жәрмеңкелік сауда үшін арнайы бөлінген орындар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Н.В. Сергееваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.
| Абай ауданының әкімі | Е. Нашаров |
| Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі N 18/03 қаулысына 1 қосымша |
Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар
| N р/с | Орналасқан орны | Орын саны |
| 1 | Абай көшесі, 25 (төбесі жабылған базар) | 3 |
| 2 | Абай көшесі, 27 (почта) | 1 |
| 3 | Абай көшесі, 29 ("Талап" дүкені) | 1 |
| 4 | Абай көшесі, 52 ("Дархан" дүкені) | 2 |
| 5 | Абай көшесі, 50/1 ("Центральный" дүкені) | 1 |
| 6 | Энгельс көшесі, дүңгіршек "Қазақтелекомның жанындағы" | 1 |
| 7 | 2 шағынаудан, 3, 4 үй (жиһаз дүкенінің жанындағы) | 15 |
| 8 | Абай көшесі, 46 | 1 |
| 9 | Абай көшесі, 40а | 15 |
| 10 | Жеңіс даңғылы, 2 үй | 1 |
| Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі N 18/03 қаулысына 2 қосымша |
Көрме-жәрмеңкелік сауда үшін арнайы бөлінген орындар
| N р/с | Орналасқан орны | Орын саны |
| 1 | Жеңіс даңғылы, 2 үй | 2 |