"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 12.05.2017 № 2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1.Өндіріс және Пришимка ауылдарының көшелеріне атау берілсін:
Өндіріс ауылына - Қабдірахман Әділбаев атындағы атауы;
Приишимка ауылына - Бейбітшілік атауы.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім Астрахан ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Новочеркасск ауылдық округінің әкімі |
Ж.Орман |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
М.Сеқсенбаев |
|
Астрахан ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Н.Герасимова |