"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 27.03.2017 № 02 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1.Акимовка, Оксановка ауылдарының көшелеріне атаулар берілсін:
Акимовка ауылында № 1 көшесіне Сарыкөл атауы;
Оксановка ауылында № 1 көшесіне Достық атауы.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қызылжар ауылдық округінің әкімі |
Р.Шәймерденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
М.Сексенбаев |
|
Астрахан ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлемі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Н.Герасимова |