"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлеуге бөлу жобалары (схемалары) негізінде Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкасы 50 пайызға жер салығының базалық ставкасынан жоғарылатылсын:
1) алынып тасталды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 20.03.2015 № 342 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда елді мекендердің жерлеріне (Салық кодексінің 381-бабы);
3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (Салық кодексінің 383-бабы).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2012.02.29 № 26 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Кезектен тыс сессия төрағасы |
В. Солдатов |
|
Аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Төлебаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
Департаментінің Қарабалық ауданы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Е. Теменов