Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Сейфуллин ауылы, Қараөзек ауылы және Жаңатілек ауылы халқының пікірін ескере отырып, Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сейфуллин ауылы, Қараөзек ауылы және Жаңатілек ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Сейфуллин ауылы:
№ 1 көшеге – Бейбітшілік атауы;
№ 2 көшеге - Бірлік атауы;
№ 3 көшеге – Наурыз атауы;
№ 4 көшеге – Орталық атауы;
№ 5 көшеге - Достық атауы;
№ 6 көшеге - Мамыр атауы;
№ 7 көшеге - Ардагер атауы;
№ 8 көшеге – Жаңа атауы;
№ 9 көшеге – Жайлау атауы;
2) Қараөзек ауылы:
№ 1 көшеге – Орталық атауы;
№ 2 көшеге – Достық атауы;
№ 3 көшеге – Тәуелсіздік атауы;
3) Жаңатілек ауылы:
№ 1 көшеге - Орталық атауы;
№ 2 көшеге – Бірлік атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Н.Уәлиев |
КЕЛІСІЛДІ:
|
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
В.М.Петрова |
|
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ә.М.Райымбекова |