Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосы" деген сөзі "ауылы" деген сөзімен ауыстырылды – Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 12.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылғы 21 тамыздағы № 10 Новочеркасск ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 12.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Новочеркасск ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Советская көшесі Сарыарқа көшесіне;
Луговая көшесі Талғат Бигелдинов атындағы көшесіне;
Целинная көшесі Шәймерден Мұсайынов атындағы көшесіне;
1 Май көшесі Әлия Молдағұлова атындағы көшесіне;
Новостройка көшесі Жастар көшесіне.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Новочеркасск ауылдық округінің әкімі |
Ж.Орман |
КЕЛІСІЛДІ:
|
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушысы |
Л.Ақанова |
|
Астрахан ауданының "Сәулет және қала Құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Н.Герасимова |
|
Астрахан ауданының "Экономика және бюджеттік Жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
А.Жүсіпова |