"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 15 сәуірдегі Каменка ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Каменка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Астрахан ауданы Каменка ауылы әкімінің 12.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Каменка ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 көшеге - Николай Сабадовский атындағы атау,
№ 2 көшеге - Жастар атауы;
№ 3 көшеге - Желтоқсан атауы;
№ 4 көшеге - Бейбітшілік атауы;
№ 5 көшеге - Достық атауы;
№ 6 көшеге - Школьная атауы;
№ 7 көшеге - Зеленая атауы,
№ 8 көшеге - Сарыарқа атауы;
№ 9 көшеге - Жеңіс атауы;
№ 10 көшеге - Атамекен атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Каменка ауылдық округінің әкімі |
С.Ыбраев |
КЕЛІСІЛДІ:
|
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Л.Ж.Аханова |
|
Астрахан ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Н.А.Герасимова |
|
Астрахан ауданының "Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
А.М.Жусупова |