Мүгедектерге тіршілік әрекеті және қоғаммен қауымдасу үшін тең мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кәсіпорындарға, ұйымдарға, меншіктің барлық нысанындағы мекемелерге мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарының жалпы санынан 3 % көлемінде квота орнатылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
| Әкім | Т. Алтынбеков |