Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 01.06.2018 № 151 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010.04.23 № 166 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы бойынша әділет басқармасында 2007 жылғы 27 желтоқсанда № 3-8-47 тіркелген, 2008 жылғы 23 қаңтарда - 9 сәуірде № № 5, 16 "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" № 18 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
тақырыптағы және 1-тармақта "білім беру" деген сөзінен кейін "денсаулық сақтау" деген сөзімен толықтырылсын.
2. Осы шешім "Мәртөк тынысы" газетінде алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтезбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ә.Әлмұхамбетов |
|
Аудандық мәслихат хатшысы |
А. Смағұлов |