Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).1. Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері көрсетілген сызбаға (1 қосымша) сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 13.09.2011 № 291 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ жер есебі құжаттарына өзгерістер енгізу және Елек өзенінің ластануына, сарқылуына жол бермеу жөнінде іс-шараларын әзірлеу жөніндегі жобалық құжаттарын Ақтөбе қаласының әкімдігіне тапсырсын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 13.09.2011 № 291 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2013 № 109 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, шаруашылықтардың басшылары меншік түрлеріне қарамастан, сондай-ақ Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан жер үлестері бар азаматтарға:
суды қорғау аймақтары мен белдеулерді тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету;
Елек өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде сақтау ұсынылсын.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 13.09.2011 № 291 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2013 № 109 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4. Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі аумақты бөлу мен пайдалануды Елек өзенінің ластануы және сарқылу мүмкіндігін болдырмай шаруашылық пайдаланудың шектеу тәртібін сақтаған жағдайда белгіленген тәртіппен су қорларын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті ұйымдармен және басқа уәкілетті ұйымдардың келісімі бойынша жүргізілсін.
5. Осы қаулы ол ресми түрде бірінші жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 30.04.2013 № 109 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Облыс әкімі | Е. Сағындықов |
| Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 қаулысына 1 қосымша |
РҚАО-ның ескертпесі: сызбаны қағаз мәтінінен қараңыз.
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 қаулысына 2-қосымша |
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары
Ескерту. Қаулы 2 қосымшамен толықтырылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 13.09.2011 № 291 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
3) 1-тармақтың 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
2. Су қорғау аймақтары шегінде:
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
5) зираттарды орналастыруға;
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.