"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20
желтоқсандағы Конституциялық заң күшi бар N 2694 Жарлығының
U952694_
10-бабының 1-тармағына сәйкес және республиканың әкiмшiлiк-аумақтық
құрылысындағы өзгерiстерге байланысты қаулы етемiн:
1. Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандық соттары
таратылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi