1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 24-бабы мынадай редакцияда берiлсiн (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат):
"24-бап. Сақтандыру
Мiндеттi сақтандыруға жолаушылар темiр жол, әуе, теңiз, су,
мемлекетаралық және облысаралық автомобиль көлiгiмен сапарға шыққан
кездерiнде олардың алдындағы тасымалдаушының жауапкершiлiгi мен
автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi
жатады".
2. Осы Жарлық 1996 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi