Басқару құрылымдарын монополиясыздандыру, нарық қатынастарын
қалыптастыру және жекешелендiру процесiн жеделдету мақсатында
Қаулы етемiн:
1. "Ақсұңқар" мемлекеттiк акционерлiк холдинг компаниясы
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы
N 1152 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8,
91-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi