| Қазақстан Республикасының | |
| Президенті мен Үкіметі актілерінің | |
| жинағында жариялануға тиіс |
Мемлекеттік қызметтегі кадрлық процестерді одан әрі бюрократиядан арылту мақсатында "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығымен айқындалған қағидаттарға сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы | |
| Президентінің | |
| 2026 жылғы 17 қазандағы | |
| № 1531 Жарлығымен | |
| БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "талаптарды;" деген сөз "талаптарды қамтиды." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
5-тарау алып тасталсын.
2. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік лауазымға ауысу тәртібімен орналасу:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Аппаратының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының және Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың ішінде;
3) мемлекеттік саяси лауазымнан және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынан "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына;
4) қызметші алдыңғы лауазымды кемінде бір жыл атқарып, атқарған лауазымында қатарынан төрт тоқсан бойы қызметін бағалаудың "функционалдық міндеттерді тиімді орындайды" деген нәтижесін алған жағдайда "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынан "Б" корпусының өзге мемлекеттік әкімшілік лауазымына;
5) лауазымы сақталып тұрған негізгі қызметші жұмысқа шыққан кезде осы уақытша бос лауазымды атқарып жүрген әкімшілік мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік органның ішінде төмен тұрған лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Ауысу тәртібімен тағайындауға мемлекеттік қызметші біліктілік талаптарына сай болған және оның алты ай ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жазасы болмаған кезде жол беріледі.".
3. "Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 485 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
3-тарау алып тасталсын.
_____________________________