"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер ме толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 1401 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:

      14-тармақта:

      1) тармақшада:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "заңдардың қолданылуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасын, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде, сондай-ақ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада қамтылған мәліметтерді пайдаланып талдау;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "халықаралық шарттар жасасу, қылмыстық-құқықтық саладағы, инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі және активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;";

      сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру, активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау және оларды қайтару үшін ақпаратқа мониторинг пен талдауды жүргізу;

      Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын, сондай-ақ Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен прокуратура актілерін енгізу;";

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін актілеріне, егер бұл актілер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға және адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қозғаса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде наразылық білдіру;";

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жүктелген функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін, заңдылықтың сақталуын тексеруге қатысуға және қорытынды беруге өзге де органдар мен ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды, сарапшыларды, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тарту;";

      отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "активтерді қайтару, инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;";

      алпыс бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;";

      2) тармақшаның он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.";

      15-тармақта:

      1) тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес:";

      1) тармақшаның тоғызыншы абзацындағы "сақтаудың заңдылылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыру;" деген сөздер "сақтаудың заңдылылығына;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "инвестициялар мен инвестициялық қызмет саласындағы заңдылықты жоғары қадағалауды жүзеге асыру;";

      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қылмыстық-құқықтық салада, инвестициялар мен инвестициялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық жасау;";

      "6) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, қылмыстық-құқықтық саладағы және активтерді қайтару саласындағы, инвестициялар мен инвестициялық қызмет саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;";

      14) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін, егер бұл актілер мен шешімдер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, адамдардың шектелмеген тобына, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша инвесторларға қатысты болса не жария сипатқа ие болса,;";

      19-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) инвестициялық омбудсменнің функцияларын жүзеге асырады;";

      33) тармақшаның он бірінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "инвесторлардың құқықтарын қорғау;";

      37) тармақшада:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "прокуратура органдары нышандарының сипаттамасын;";

      төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "прокуратура органдары нышандарының пайдалану тәртібін;";

      қырық төртінші абзацтағы "қағидаларын бекітеді;" деген сөздер "қағидаларын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасында Дауларды сотқа дейінгі реттеу комиссиясын құру тәртібін;

      инвесторлардың жүйелік проблемаларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;";

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О внесений изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 "О некоторых вопросах оранов прокуратуры Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 21 августа 2026 года № 1401

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 563 "О некоторых вопросах органов прокуратуры Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Генеральной прокуратуре Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      в пункте 14:

      в подпункте 1):

      абзац третий изложить в следующей редакции:

      "анализировать практику надзора за применением законов, состоянием законности, в том числе с использованием сведений, содержащихся в информационных системах, интегрированных с системой информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов, а также в Национальной цифровой инвестиционной платформе;";

      абзац пятый изложить в следующей редакции:

      "заключать международные договоры, согласовывать проекты международных договоров в уголовно-правовой сфере, по вопросам защиты прав инвесторов и сфере возврата активов;";

      абзацы восьмой и девятый изложить в следующей редакции:

      "проводить проверку законности источников приобретения (происхождения) актива, мониторинг и анализ информации для противодействия незаконному приобретению, выводу и возврата активов в соответствии с законодательством Республики Казахстан о возврате государству незаконно приобретенных активов;

      вносить в порядке, определяемом Конституционным законом и иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, а также Генеральным Прокурором, акты прокуратуры;";

      абзац одиннадцатый изложить в следующей редакции:

      "опротестовывать противоречащие Конституции Республики Казахстан, законам Республики Казахстан, международным договорам, ратифицированным Республикой Казахстан, и актам Президента Республики Казахстан акты организаций независимо от форм собственности, если данные акты касаются лиц, которые в силу физиологических особенностей, психических отклонений и иных обстоятельств не могут самостоятельно осуществлять защиту своих прав, несовершеннолетних и неограниченного круга лиц, а также затрагивают права и интересы инвесторов, в пределах, установленных законами Республики Казахстан;";

      абзац пятнадцатый изложить в следующей редакции:

      "привлекать специалистов иных органов и организаций к участию в проверке соблюдения законности и даче заключения, ученых, экспертов, коммерческие и некоммерческие организации, в том числе зарубежные, для осуществления деятельности, направленной на выполнение возложенных функций и полномочий;";

      абзац тридцать третий изложить в следующей редакции:

      "координировать и осуществлять деятельность по международно- правовому сотрудничеству в целях возврата активов, защиты прав инвесторов;";

      абзац шестьдесят пятый изложить в следующей редакции:

      "осуществлять иные права, предусмотренные Конституционным законом, иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан;";

      абзац шестнадцатый подпункта 2) изложить в следующей редакции:

      "выполнять иные обязанности, предусмотренные законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан.";

      в пункте 15:

      в подпункте 1):

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "1) в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Конституционным законом, иными законами Республики Казахстан и актами Президента Республики Казахстан осуществление высшего надзора за законностью:";

      после абзаца девятого дополнить абзацем следующего содержания:

      "в сфере инвестиций и инвестиционной деятельности;";

      подпункты 4) и 6) изложить в следующей редакции:

      "4) международное сотрудничество в уголовно-правовой сфере, в сфере инвестиций и инвестиционной деятельности;";

      "6) в установленном законодательством порядке заключение международных договоров Республики Казахстан, согласование проектов международных договоров в уголовно-правовой сфере и сфере возврата активов, в сфере инвестиций и инвестиционной деятельности;";

      абзац третий подпункта 14) изложить в следующей редакции:

      "актов и решений иных организаций независимо от форм собственности, если данные акты и решения касаются лиц, которые в силу физиологических особенностей, психических отклонений и иных обстоятельств не могут самостоятельно осуществлять защиту своих прав, несовершеннолетних лиц, неограниченного круга лиц, а также инвесторов по вопросам, связанным с реализацией инвестиционных проектов, либо носят публичный характер;";

      в пункте 19:

      дополнить подпунктом 14-1) следующего содержания:

      "14-1) осуществляет функции инвестиционного омбудсмена;";

      после абзаца одиннадцатого подпункта 33) дополнить абзацем следующего содержания:

      "защиты прав инвесторов;";

      в подпункте 37):

      в абзаце четвертом внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      после абзаца четвертого дополнить абзацем следующего содержания:

      "порядок использования символов органов прокуратуры;";

      после абзаца сорок четвертого дополнить абзацами следующего содержания:

      "порядок создания Комиссии по досудебному урегулированию споров между инвесторами и государственными органами, местными исполнительными органами, учреждениями, субъектами квазигосударственного сектора;

      порядок формирования и ведения реестра системных проблем инвесторов;";

      подпункт 47) изложить в следующей редакции:

      "47) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев