"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаевқа 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 мамырдағы № 1273 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы
1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) негізге ала отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
1-бап
Шарттың 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап
Құқықтық көмек арнасы
Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың 11 және 22-баптарын қолдануға нұқсан келтірмей, орталық органдары арқылы құқықтық көмек береді.
Қазақстан Республикасының орталық органдары:
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі - соттардан келіп түсетін құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулар бойынша;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі - басқа құзыретті органдардан келіп түсетін құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулар бойынша.
Түркия Республикасының орталық органы: Түркия Республикасының Әділет министрлігі.".
2-бап
Осы Хаттама - Шарттың ажырамас бөлігі, ол Тараптар дипломатиялық арналар арқылы осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті өзінің ішкі құқықтық рәсімдерін аяқтағаны туралы бір-бірін хабардар ететін соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Шарттың қолданысы тоқтатылғанда өз қолданысын тоқтатады.
2026 жылғы _____________________әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.
| Қазақстан Республикасы үшін | Түркия Республикасыүшін |