"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 1169 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғау мен күзету, үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету және шифрлау жұмысын ұйымдастыру саласында, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке өзге де аса қауіпті қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу, ұлттық қауіпсіздік органдары авиациясының қызметін ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      14-тармақ 1) тармақшасының елу бесінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы елу алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікке жүргізілетін тексерулер мен жоспардан тыс тексерулер нысанында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар салаларында берілген рұқсаттар бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 313-18), 313-19) және 313-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "313-18) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      313-19) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар беру;

      313-20) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамаларды орындау үшін жолдау;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 "Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 9 февраля 2026 года № 1169

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 "Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан" следующие изменение и дополнения:

      в Положении о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Комитет национальной безопасности Республики Казахстан (далее – Комитет национальной безопасности) – непосредственно подчиненный и подотчетный Президенту Республики Казахстан специальный государственный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство в пределах своих полномочий единой системой органов национальной безопасности Республики Казахстан (далее – органы национальной безопасности), разведывательной, контрразведывательной, оперативно-розыскной деятельностью, в области защиты и охраны Государственной границы Республики Казахстан (далее – Государственная граница), обеспечения правительственной связью и организации шифровальной работы, в области государственного контроля в сфере информатизации в части информационной безопасности критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры, пресечения актов терроризма и иных особо опасных преступных посягательств на личность, общество и государство, организации деятельности авиации органов национальной безопасности, выявления, пресечения, раскрытия и расследования коррупционных правонарушений, защиты государственных секретов, и является уполномоченным органом по защите государственных секретов в Республике Казахстан.";

      пункт 13 дополнить подпунктом 16-1) следующего содержания:

      "16-1) осуществление государственного контроля в сфере информатизации в части информационной безопасности критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры;";

      после абзаца пятьдесят пятого подпункта 1) пункта 14 дополнить абзацем пятьдесят шестым следующего содержания:

      "осуществлять государственный контроль по выданным разрешениям в сферах обеспечения информационной безопасности и специальных технических средств, предназначенных для проведения оперативно-розыскных мероприятий, в форме проверок, проводимых на соответствие квалификационным или разрешительным требованиям по выданным разрешениям, и внеплановых проверок в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;";

      пункт 15 дополнить подпунктами 313-18), 313-19) и 313-20) следующего содержания:

      "313-18) осуществление государственного контроля в сфере информатизации в части информационной безопасности критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры;

      313-19) выдача предписаний при выявлении нарушений требований законодательства Республики Казахстан в сфере информатизации в части информационной безопасности критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры;

      313-20) направление для исполнения предписаний при выявлении нарушений требований законодательства Республики Казахстан в сфере информатизации в части информационной безопасности критически важных объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев