Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 1033 Жарлығы

      Қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 30 жылдығы құрметiне ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазақстан Республикасының Парламентiне 30 жыл" мерекелiк медалi тағайындалсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:

      1) "Қазақстан Республикасының Парламентiне 30 жыл" мерекелiк медалімен наградтау қағидалары;

      2) "Қазақстан Республикасының Парламентiне 30 жыл" мерекелiк медалiнiң сипаттамасы бекiтілсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2025 жылғы 8 қазандағы
№ 1033 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Парламентiне 30 жыл" мерекелiк медалімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының Парламентiне 30 жыл" мерекелiк медалімен (бұдан әрі – мерекелiк медаль) наградтау тәртібін регламенттейді.

      2. Мерекелiк медальмен қазақстандық парламентаризмнiң дамуы мен қалыптасуына елеулi үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары наградталады.

      3. Мерекелiк медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының төрағалары, Үкіметі, Конституциялық Соты, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.

      4. Мерекелiк медальды Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады.

      Мерекелiк медальды Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан және оның тапсырмасы бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі;

      2) Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының төрағалары;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері;

      4) Қазақстан Республикасының Президентi уәкілеттік берген лауазымды адамдар да тапсыруы мүмкiн.

      5. Мерекелiк медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргiзiледi және ол наградталушының жеке өзiне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi.

      6. Әрбiр наградталған адамға мерекелiк медаль тапсырумен бiр мезгiлде белгіленген үлгідегі куәлiк берiледi.

      7. Мерекелiк медальдың тапсырылғаны туралы белгiленген нысандағы хаттама толтырылады, ол медаль тапсырған адамның қолтаңбасымен, тапсырған органның мөрiмен бекiтiледі және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.

      8. Мерекелiк медаль сол жақ омырауға тағылады. Мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан төмен орналасады.

      9. Жүргiзiлген наградтаулардың есебiн, сондай-ақ мерекелiк медальдардың тапсырылу барысы туралы есептiлiктi Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының тиісті аппараттары жүргізедi.

  Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2025 жылғы 8 қазандағы
№ 1033 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

"Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл" мерекелік медалiнiң СИПАТТАМАСЫ

      "Қазақстан Республикасының Парламентiне 30 жыл" мерекелiк медалі сары түсті жезден диаметрi 34 мм шеңбер нысанында дайындалады. Медальдің аверсі – жылтырақ.

      Медальдің аверсінде Қазақстан Республикасы Парламенті ғимараттарының, оның жоғары жақ шетінде шаңырақ бейнесі орналасқан, төменгі жақ шетінде "1996 30 2026" деген жазу жазылған. Медальдың шеті ернеумен жиектелген. Медальдағы бейнелер мен жазулардың бәрі бедерлі.

      Медальдың реверсінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ" деген жазу және медальдың реттік нөмірі жазылған.

      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті жібек қатқыл лентамен қапталған ені 25 мм және биіктігі 40 мм төртбұрышты тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 8 мм болатын сары түсті ұлттық ою-өрнек бейнеленген.

      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



О юбилейной медали в ознаменование 30-летия Парламента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 8 октября 2025 года № 1033

      В целях поощрения граждан Республики Казахстан и иностранных граждан, внесших значительный вклад в развитие и становление казахстанского парламентаризма, а также в ознаменование 30-летия Парламента Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Учредить юбилейную медаль "Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл".

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл";

      2) Описание юбилейной медали "Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 8 октября 2025 года № 1033

ПРАВИЛА
награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл"

      1. Настоящие Правила регламентируют порядок награждения юбилейной медалью "Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл" (далее – юбилейная медаль).

      2. Юбилейной медалью награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане, внесшие значительный вклад в развитие и становление казахстанского парламентаризма.

      3. Представления к награждению юбилейной медалью вносятся Президенту Республики Казахстан председателями палат Парламента, Правительством, Конституционным Судом, Верховным Судом, министерствами, иными центральными государственными органами Республики Казахстан, акимами городов Астаны, Алматы, Шымкента и областей, а также общественными объединениями.

      4. Юбилейная медаль вручается Президентом Республики Казахстан.

      Юбилейную медаль от имени и по поручению Президента Республики Казахстан также могут вручать:

      1) Государственный советник Республики Казахстан;

      2) председатели палат Парламента Республики Казахстан;

      3) акимы областей, городов республиканского значения и столицы;

      4) уполномоченные Президентом Республики Казахстан должностные лица.

      5. Вручение юбилейной медали производится в торжественной обстановке и вручается награжденному лично. Перед вручением оглашается Указ Президента Республики Казахстан о награждении.

      6. Каждому награжденному одновременно с вручением юбилейной медали выдается удостоверение установленного образца.

      7. О произведенном вручении юбилейной медали составляется протокол установленной формы, который скрепляется подписью лица, печатью органа, производившего вручение, и направляется в Администрацию Президента Республики Казахстан.

      8. Юбилейная медаль носится на левой стороне груди. При наличии государственных наград она располагается ниже них.

      9. Учет произведенных награждений, а также отчетность о ходе вручения юбилейных медалей ведутся соответствующими аппаратами палат Парламента Республики Казахстан.

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 8 октября 2025 года № 1033

ОПИСАНИЕ
юбилейной медали "Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл"

      Юбилейная медаль "Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл" изготавливается из латуни желтого цвета в форме круга диаметром 34 мм. Аверс медали блестящий.

      На аверсе медали расположено изображение зданий Парламента Республики Казахстан, по верхнему краю расположен шанырак, по нижнему краю размещена надпись "1996 30 2026". Края окружностей окаймлены бортиками. Все изображения и надписи на медали рельефные.

      На реверсе медали расположена надпись "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІНЕ 30 ЖЫЛ" и порядковый номер медали.

      Медаль с помощью ушка и кольца соединяется с четырехугольной колодкой шириной 25 мм и высотой 40 мм, обтянутой шелковой муаровой лентой голубого цвета. Посередине ленты располагается национальный орнамент желтого цвета шириной 8 мм.

      Медаль при помощи булавки с визорным замком крепится к одежде.

      –––––––––––––––––––––––––––