Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті
мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиiс

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 8 маусымдағы
№ 912 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мәслихатының хатшысына", "мәслихатының хатшысы", "мәслихаты хатшысының", "мәслихат хатшысы", "Мәслихат хатшысы" деген сөздер тиісінше "мәслихатының төрағасына", "мәслихатының төрағасы", "мәслихаты төрағасының", "мәслихат төрағасы", "Мәслихат төрағасы" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Президентінің 10.04.2023 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабын іске асыру үшін әзірленді және астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кандидатты тағайындауға келісім беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына тағайындауға келісім астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жиналысында беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Президенті ұсыну негізінде астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кемінде екі кандидат ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуында әкім лауазымына кандидаттардың өмірбаян деректері, еңбек қызметі, мемлекеттік наградалары туралы ақпарат және өзге де ақпарат қамтылады.

2-тарау. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаты депутаттарының жиналысын өткізу тәртібі

      5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасына астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімін тағайындауға келісім алу үшін астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      6. Жиналыс осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей өткізіледі.

      Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының төрағасы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап бір күн мерзімде тиісті аумақтың депутаттарын жиналыстың шақырылу күні мен уақыты және өткізілетін орны туралы көрсетілген ақпаратты тиісті мәслихаттың (мәслихаттардың) ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.

      7. Жиналыстың күн тәртібіне:

      1) астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихаты төрағасының қысқаша кіріспе сөзі;

      2) санақ комиссиясының мүшелерін, сондай-ақ комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлау;

      3) дауыс беру тәсілін таңдау (ашық немесе жасырын);

      4) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не Қазақстан Республикасының Президенті уәкілеттік берген өзге лауазымды адамның Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуын жария етуі және астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің лауазымына кандидатураларды ұсыну;

      5) тиісті аумақ әкіміне кандидаттардың өздерінің алдағы қызметінің бағдарламасы туралы тезистерін баяндауы кіреді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      8. Жиналыста депутаттар кандидаттарға сұрақтар қоюы мүмкін. Депутаттар ұсынылған кандидатураларды "жақтап" немесе "қарсы" пікірлер айтуға құқылы.

      9. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысына облыс және тиісті облыстың аудандары (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының депутаттары қатысады. Жиналысты облыс мәслихатының төрағасы басқарады.

      Астана және республикалық маңызы бар қала мәслихаты депутаттарының жиналысына тиісті мәслихаттардың депутаттары қатысады. Жиналысты тиісті мәслихаттың төрағасы басқарады.

      Егер жиналысқа астана мәслихаты, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші болады. Әрбір жиналыстың алдында қатысатын депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін мәслихат төрағасы отырыс басталар алдында жариялайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      10. Жиналысты астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының аппараты ұйымдастырады және техникалық мүмкіндіктер ескеріле отырып, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырылып өткізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3-тарау. Дауыс берудің ұйымдастырылуы мен тәртібі

      11. Кандидаттардың баяндамасы мен жарыссөздер (өткізілген жағдайда) аяқталғаннан кейін дауыс беру өткізіледі.

      Кандидаттар үшін дауыс беру процесін ұйымдастыру және оның қорытындыларын шығару үшін қатысып отырған депутаттар қатарынан тақ саннан, кемінде 3 адамнан тұратын санақ комиссиясы құрылады.

      Санақ комиссиясының мүшелері өз құрамының көпшілік даусымен санақ комиссиясының төрағасы мен хатшысын ашық дауыс беру арқылы сайлайды.

      Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кандидатты келісу үшін қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігінің шешімі бойынша ашық не жасырын дауыс беру өткізіледі.

      Ашық не жасырын дауыс беруді өткізу тәртібін санақ комиссиясы белгілейді және оны санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      12. Жиналыс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.

      13. Дауыс беру:

      1) дауыстарды санаудың электрондық жүйесі болған кезде, ол пайдаланыла отырып;

      2) қол көтеру арқылы;

      3) бюллетеньдер пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      Дауыс беруді өткізу үшін депутаттардың қажетті саны болмаған кезде, астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы кворумды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.

      Дауыс беру рәсімінде тек "жақтап" және "қарсы" дауыс беруге болады.

      Барлық мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерін астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы дауыс беруге қатысқандардың, "жақтап", "қарсы" дауыс бергендердің санын және дауыс беру қорытындысын көрсете отырып жариялайды. Деректер депутаттар жиналысының хаттамасына енгізіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      14. Ашық дауыс беру қол көтеру арқылы не дауыстарды санаудың электрондық жүйесі болған кезде, ол пайдаланыла отырып, жүзеге асырылады.

      15. Жасырын дауыс беру өткізу кезінде, бюллетеньдер тікелей дауыс беру басталар алдында беріледі. Бюллетеньдер санақ комиссиясы белгілеген нысанда оның бақылауымен, саны отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең болып дайындалады және оларға санақ комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      Мәслихат төрағасы бюллетеньдерді дайындау үшін жиналыста үзіліс жариялауы мүмкін.

      Әрбір депутатқа санақ комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қойған бір бюллетень беріледі. Депутаттарға жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер олар депутат куәлігін немесе жеке куәлігін көрсеткен кезде беріледі.

      Жасырын дауыс беру үшін құпиялылықты сақтау бойынша талаптар ұстана отырып, арнайы бөлінген орынға астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының мөрі басылған жәшік орнатылады.

      Мәслихат депутаты өзі дауыс беретін кандидаттың тегінің оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қояды.

      Белгіленбеген нысандағы бюллетеньдер санау кезінде есепке алынбайды.

      Санақ комиссиясы дауыс беруге арналған жәшікті дауыс беру аяқталғаннан кейін ашуға тиіс. Жәшікті дауыс беру аяқталғанға дейін ашуға тыйым салынады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      16. Санақ комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша хаттама жасайды, оған санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және ол астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасына беріледі.

      Дауыс беру кезінде болмаған мәслихат депутатының кейін дауыс беруге құқығы жоқ.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      17. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат келісім алған болып есептеледі.

      Егер кандидаттар бірдей дауыс санын жинаған болса, санақ комиссиясы аталған кандидаттар арасында қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

      Қайта дауыс беру осы Қағидаларда көзделген тәртіппен астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы айқындаған мерзімдерде өткізіледі.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      18. Жиналыс астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы дауыс беру нәтижелерін жариялағаннан кейін жабылады. Астана, облыс және республикалық маңызы бар қала мәслихатының төрағасы және санақ комиссиясының төрағасы қол қойған жиналыстың хаттамасы жиналыстың өткізілуін куәландыратын құжат болып табылады, ол бір күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

Об утверждении Правил дачи согласия депутатами маслихата столицы, маслихатов, расположенных на территории области, маслихатов городов республиканского значения на назначение на должность акима столицы, области и города республиканского значения

Указ Президента Республики Казахстан от 8 июня 2022 года № 912.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан и республиканской
печати

      Сноска. Заголовок – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      В соответствии со статьей 89 Конституции Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      1. Утвердить прилагаемые Правила дачи согласия депутатами маслихатов, расположенных на территории области, или маслихатов городов республиканского значения и столицы на назначение на должность акима области, города республиканского значения и столицы.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 8 июня 2022 года
№ 912

Правила дачи согласия депутатами маслихата столицы, маслихатов, расположенных на территории области, маслихатов городов республиканского значения на назначение на должность акима столицы, области и города республиканского значения

      Сноска. Заголовок – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.
      Сноска. По всему тексту слова "секретарю маслихата", "секретарь маслихата", "секретаря маслихата", "секретарем маслихата" заменены соответственно словами "председателю маслихата", "председатель маслихата", "председателя маслихата", "председателем маслихата" в соответствии с Указом Президента РК от 10.04.2023 № 190 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила дачи согласия депутатами маслихата столицы, маслихатов, расположенных на территории области, маслихатов городов республиканского значения на назначение на должность акима столицы, области и города республиканского значения разработаны в реализацию статьи 89 Конституции Республики Казахстан и определяют порядок дачи согласия депутатами маслихата столицы, маслихатов, расположенных на территории области, маслихатов городов республиканского значения на назначение кандидата на должность акима столицы, области и города республиканского значения.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      2. Согласие на назначение на должность акима столицы, области и города республиканского значения дается на собрании депутатов маслихата столицы, маслихатов, расположенных на территории области, маслихатов городов республиканского значения.

      Сноска. Пункт 2 – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      3. Президент Республики Казахстан на основании представления предлагает не менее двух кандидатов на должность акима столицы, области и города республиканского значения.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      4. Представление Президента Республики Казахстан содержит биографические данные,

      информацию о трудовой деятельности, государственных наградах и иную информацию о кандидатах на должность акима.

Глава 2. Порядок проведения собрания депутатов маслихатов, расположенных на территории области, или депутатов маслихата города республиканского значения и столицы

      5. Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан на основании поручения Президента Республики Казахстан направляет председателю маслихата столицы, области и города республиканского значения уведомление о необходимости проведения собрания депутатов маслихата столицы, маслихатов, расположенных на территории области, маслихатов городов республиканского значения для получения согласия на назначение акима столицы, области и города республиканского значения (далее – собрание).

      Сноска. Пункт 5 – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      6. Собрание проводится не позднее трех календарных дней со дня получения уведомления, указанного в пункте 5 настоящих Правил.

      Председатель маслихата области, города республиканского значения и столицы в однодневный срок со дня получения уведомления, указанного в пункте 5 настоящих Правил, оповещает депутатов соответствующей территории о дате и времени созыва и месте проведения собрания посредством размещения указанной информации на официальном интернет-ресурсе соответствующего маслихата (маслихатов).

      7. Повестка дня собрания включает:

      1) краткое вступительное слово председателя маслихата столицы, области и города республиканского значения;

      2) выборы членов счетной комиссии, а также председателя и секретаря комиссии;

      3) выбор способа голосования (открытое или тайное);

      4) оглашение Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан либо Премьер-Министром Республики Казахстан, либо иным должностным лицом, уполномоченным Президентом Республики Казахстан, представления Президента Республики Казахстан и представление кандидатур на должность акима столицы, области и города республиканского значения;

      5) выступление кандидатов в акимы соответствующей территории с тезисами о программе своей предстоящей деятельности.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      8. На собрании депутатами могут быть заданы вопросы кандидатам. Депутаты вправе высказывать мнения "за" или "против" предложенных кандидатур.

      9. На собрании депутатов маслихатов, расположенных на территории области, принимают участие депутаты маслихатов области и районов (городов областного значения) соответствующей области. Собранием руководит председатель маслихата области.

      На собрании депутатов маслихата столицы и города республиканского значения принимают участие депутаты соответствующих маслихатов. Собранием руководит председатель соответствующего маслихата.

      Собрание правомочно, если на нем присутствует не менее двух третей от общего числа депутатов маслихата столицы, маслихатов, расположенных на территории области, маслихатов городов республиканского значения. Перед каждым собранием проводится регистрация присутствующих депутатов, ее результаты оглашаются председателем маслихата перед началом заседаний.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      10. Собрание организовывается аппаратом маслихата столицы, области и города республиканского значения и проводится с организацией онлайн-трансляции на интернет-ресурсах с учетом технических возможностей.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

Глава 3. Организация и порядок голосования

      11. По завершении выступлений кандидатов и прений (в случае проведения) проводится голосование.

      Для организации процесса голосования за кандидатов и подведения его итогов образовывается счетная комиссия в нечетном количестве из числа присутствующих депутатов в количестве не менее 3 человек.

      Члены счетной комиссии избирают большинством голосов из своего состава председателя и секретаря счетной комиссии открытым голосованием.

      Для согласования кандидата на должность акима столицы, области и города республиканского значения проводится открытое либо тайное голосование по решению большинства от общего числа присутствующих депутатов.

      Порядок проведения открытого либо тайного голосования устанавливается счетной комиссией и объявляется председателем счетной комиссии.

      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      12. Собрание по вопросам своей компетенции принимает решение большинством голосов.

      13. Голосование осуществляется:

      1) с использованием электронной системы подсчета голосов при ее наличии;

      2) поднятием руки;

      3) с использованием бюллетеней.

      При отсутствии необходимого числа депутатов для проведения голосования председатель маслихата столицы, области и города республиканского значения принимает меры по обеспечению кворума.

      В процедуре голосования возможно голосование только "за" или "против".

      Результаты голосования по всем вопросам оглашаются председателем маслихата столицы, области и города республиканского значения с указанием количества принявших участие в голосовании, проголосовавших "за", "против", и итога голосования. Данные вносятся в протокол собрания депутатов.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      14. Открытое голосование осуществляется поднятием рук либо с использованием электронной системы подсчета голосов при ее наличии.

      15. При проведении тайного голосования производится выдача бюллетеней непосредственно перед началом голосования. Бюллетени изготавливаются под контролем счетной комиссии по установленной ею форме в количестве, равном числу присутствующих на заседании депутатов, и подписываются председателем и секретарем счетной комиссии.

      Председатель маслихата может объявить перерыв на собрании для изготовления бюллетеней.

      Каждому депутату выдается один бюллетень, подписанный председателем и секретарем счетной комиссии. Бюллетени для тайного голосования выдаются депутатам по предъявлении ими удостоверения депутата или удостоверения личности.

      Для тайного голосования в специально отведенном месте с соблюдением требований по сохранению конфиденциальности устанавливается урна, опечатанная печатью маслихата столицы, области и города республиканского значения.

      Депутат маслихата ставит любую отметку в пустом квадрате справа от фамилии кандидата, за которого он голосует.

      Бюллетени неустановленной формы при подсчете не учитываются.

      Урна для голосования должна вскрываться счетной комиссией после окончания голосования. До окончания голосования вскрытие урны запрещается.

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      16. По результатам голосования счетная комиссия составляет протокол, который подписывается всеми членами счетной комиссии и представляется председателю маслихата столицы, области и города республиканского значения.

      Депутат маслихата, который отсутствовал во время голосования, не вправе проголосовать позже.

      Сноска. Пункт 16 – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      17. Кандидат, набравший большее количество голосов депутатов, принявших участие в голосовании, считается получившим согласие.

      Если кандидаты набрали одинаковое количество голосов, счетная комиссия принимает решение о проведении повторного голосования среди указанных кандидатов.

      Повторное голосование проводится в сроки, определенные председателем маслихата столицы, области и города республиканского значения, в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      Сноска. Пункт 17 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 01.07.2026 № 1337.

      18. Собрание закрывается после оглашения председателем маслихата столицы, области и города республиканского значения результатов голосования. Документом, удостоверяющим проведение собрания, является протокол собрания, подписанный председателем маслихата столицы, области и города республиканского значения и председателем счетной комиссии, который в течение одного дня направляется в Администрацию Президента Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 18 – в редакции Указа Президента РК от 01.07.2026 № 1337.