1. Бақылау-өткiзу пунктi құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобалары жөнiндегi ведомствоаралық тендерлiк комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ведомствоаралық комиссия:
БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобаларына тендер ұйымдастыру туралы ереже әзiрлесiн және оны бекiтсiн;
БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандыру жобаларына арналған тендерлiк тапсырма дайындасын;
БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың жобасын таңдау
жөнiнде тендер өткiзсiн және тендердiң нәтижелерi туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметiне хабарласын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
бiр апта мерзiм iшiнде ведомствоаралық комиссияға БӨП құрылысының
және оны техникалық жарақтандырудың жобасына бастапқы талаптар жөнiнде
ақпарат ұсынсын;
тендердiң нәтижелерiн жариялағаннан кейiн бiр апта мерзiм iшiнде
тендердiң жеңiмпазымен БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың
жобасына контракт жасасатын болсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
N 583 өкiмiне
қосымша
БӨП құрылысының және оны техникалық жарақтандырудың
жобалары жөнiндегi ведомствоаралық тендерлiк комиссияның
ҚҰРАМЫ
Байжасаров Б.З. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрiнiң орынбасары, төраға
Нарызбаев Н.Е. - Қазақстан Республикасының Кеден
комитетi Төрағасының орынбасары,
тең төраға
Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрiнiң орынбасары
Жүсiпбаев А.А. - Қазақстан Республикасының экономика
министрлiгi Құрылымдық және
инвестициялық саясат бас
басқармасының бастығы
Акуев М.И. - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi МАИ қалалық басқармасының
бөлiм бастығы
Күленов Б.К. - Қазақстан Республикасы Кеден
комитетiнiң Кеден органдарын
қаржыландыру және
материалдық-техникалық қамтамасыз
ету басқармасы бастығының мiндетiн
атқарушы
Өмiрзақов А.Ө. - Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер министрлiгi бөлiмiнiң бас
инспекторы
Кособрюхов В.И. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгiнiң жанындағы Алматы
арнаулы жобалау институты фирмасының
директоры
Шорабеков А.К. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгiнiң бөлiм бастығы, хатшы