1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетел банктерiнiң ұсынған шоттары негiзiнде мерзiмi өткен және алдағы төленетiн жалпы сомасы 1 497 341 (бiр миллион төрт жүз тоқсан жетi мың үш жүз қырық бiр) АҚШ долларын дәрменсiз займшылар үшiн қосымшаға сәйкес, сондай-ақ 1996 жылға арналған бюджетте "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттар есебiнен есептелген айыппұлдар сомасын төлесiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экспорт-импорт банкi уақытша
алынған қаражатты республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету жөнiнде
қажеттi барлық шараны қолдансын.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 18 желтоқсандағы
N 572 өкiмiне
қосымша
Шетел несиелерiн өтеу жөнiндегi мерзiмi өткен
және алдағы төленетiн төлемдердiң
СОМАСЫ
АҚШ долларында
___________________________________________________________________
Займшы-ұйым | Төлем | Оның iшiнде
|сомасы |____________________________________
| |негiзгi борыш |проценттер|басқасы
___________________________________________________________________
Испания несие желiсi| | | |
| | | |
"Қайнұр" ӨКФ |724 995,99 700 572,50 | 24 423,49| -
| | | |
Канада несие желiсi | | | |
| | | |
"Ақтөбемұнай" АҚ |278 295,26 239 285,71 | 35 467,46|3 542,09
| | | |
АҚШ несие желiсi | | | |
| | | |
"Тағам" АҚ |494 049,62 - |458 932,23|35 117,39
___________________________________________________________________
Барлығы |1 497 340,87 939 858,21 |518 823,18|38 659,48
___________________________________________________________________