Көкшетау облысындағы Васильков алтын кен орнын өнеркәсiптiк
игеру үшiн шет ел инвестицияларын тарту мақсатында:
1. Көкшетау облысындағы Васильков кен орнын игеруге қатысуға
талапкерлердi iрiктеуге арналған конкурс комиссиясы мына құрамда
құрылсын:
Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң төрағасы, төраға
Бiтiмбаев М.Ж. - Қазақстан Республикасы Геология және жер
қойнауын қорғау министрiнiң орынбасары,
төрағаның орынбасары
Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
сауда министрiнiң орынбасары, төрағаның
орынбасары
Әбсаламов Х.К. - Васильков кен байыту комбинатының бас
директоры
Ахметов Ф.И. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлiгiнiң Микроэкономикалық саясат
бас басқармасы бастығының орынбасары
Зазулин А.В. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
және сауда министрлiгiнiң Кен-металлургия
кешенi департаментiнiң директоры
Үжкенов Б.С. - Қазақстан Республикасы Геология және
жер қойнауын қорғау министрлiгi
"Қазмемжерқойнауы" минералдық ресурстар
бас басқармасының бастығы
Рахманова А.В. - Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгi Халықаралық құқықтық
қамтамасыз ету бас басқармасы бас
консультанты
Хорунжий А.Г. - Қазақстан Республикасының Қаржы министр.
лiгi Сыртқы экономикалық қызметтерге
салық салу басқармасының мұнай жобалары
бөлiмiнiң бастығы
Костюкович А.И. - Қазақстан Республикасының Еңбек министр.
лiгi Жұмыспен қамтамасыз ету
департаментiнiң басқарма бастығы
Скорик Б.К. - Көкшетау облысы әкiмi аппараты
өнеркәсiп бөлiмiнiң меңгерушiсi
2. Комиссия 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн талапкерлердi iрiктеу және жеңiл шыққандарды айқындау жөнiндегi қажеттi процедураларды жүргiзсiн және тиiстi келiсiмдердi әзiрлесiн.
3. "McGuire Woods Battle & Boothe l.l.Р." фирмасы Васильков кен орнын игеру жобасын жүзеге асыруға байланысты заңдық мәселелер жөнiндегi ресми консультант етiп тағайындалсын.
Премьер-Министр