Семей ядролық сынақ полигоны қызметiнiң нәтижесiнде зардап
шеккен аумақтарды анықтау жөнiндегi материалдарды кешендi қарау
және радиацияның адам денсаулығына тигiзген әсерiн бағалау,
сондай-ақ олар бойынша сараптаудың қорытындысын шығару мақсатында:
1. Мына құрамда сарапшы комиссиясы құрылсын:
Арғымбаев Е.Қ. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрiнiң бiрiншi орынбасары (төраға)
Айтмағанбетов Р.А.- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлiгiнiң радиациялық медицина бөлiмiнiң
бастығы (төрағаның орынбасары)
Лычев А.И. - Қазақстан Республикасы Экология және
биоресурстар министрлiгiнiң бас мемлекеттiк
экологиялық сарапшылар бастығының орынбасары
(төрағаның орынбасары)
Байсеркин Б.С. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлiгiнiң радиациялық медицина бөлiмiнiң
жетекшi маманы (жауапты хатшы)
Комиссия мүшелерi:
Әбдiхалықова Р.Ж. - Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгiнiң Республикалық
медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясының
төрағасы
Батырбеков Ғ.А. - Қазақстан Республикасы Ұлтттық ядролық
орталығының бас директоры
Вдовиченко Г.Д. - Республикалық санитарлық-эпидемиялық стансасы
ақпарат бөлiмшесiнiң меңгерушiсi
Добровольский В.Н.- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы
ядролық физика институтының радиациялық сақтық
бөлiмiнiң бастығы
Ыбыраев Р.Ә. - "Сарыарқа" бағдарламасы, "Елiм-ай" жобасының
ғылыми басшысы
Колычева Н.И. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлiгi Онкология және радиология ҒЗИ
патоморфология және өлкелiк патология
лабораториясының меңгерушiсi
Сайбеков Т.С. - Қазақстан Республикасы Экология және
биологиялық ресурстар министрлiгi радиоэкология
басқармасы бастығының орынбасары
Слажнева Т.С. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлiгiнiң Денсаулық сақтау орталығы
директорының орынбасары
Толысбаева Т.Ж. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас
басқармасы бастығының орынбасары
Цой М.З. - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң
аймақтық бағдарламалар жөнiндегi бөлiм бастығы
Частников Н.Я. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы
физикалық жоғарғы қуат институты лаборатория
меңгерушiсi
Шеянов В.Н. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлiгi санитарлық-эпидемиялық Бас
басқармасы бастығының орынбасары
2. Сараптау комиссиясы:
Республика Үкiметiнiң шешiмiн қажет ететiн мәселелер жөнiнде
белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзсiн;
қажет болған жағдайда мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың басқа да қызметкерлерiн тартуға рұқсат берiлсiн;
жыл сайын 15 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне атқарылған жұмыстар туралы баяндаулар ұсынсын.
Премьер-министр