1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілер тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіге орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік цифрлық объектіге орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 141-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
2. | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ |
2026 жылғы қыркүйек | |
3. | "Ядролық қондырғыларды және көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
4. | "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ |
2026 жылғы қыркүйек | И.Ш.Шархан |
5. | Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде іске асырылатын Атом электр станцияларының жобаларын қаржыландыру үшін атом электр станцияларының ұлттық операторына бюджеттік кредиттік желісі нысанында бюджеттік кредит берудің ерекше тәртібі мен арнайы шарттарын айқындау туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
6. | Радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін орналастыру алаңын таңдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
7. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
8. | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ |
2026 жылғы қыркүйек | С.Қ.Есімханов |
9. | "Радиоактивті қалдықтарды және пайдаланып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 39 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
10. | "Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 165 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ |
2026 жылғы қыркүйек | Е.Е.Ақбаров |
11. | "Қазақстан Республикасының уран кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
12. | "Радиоактивті қалдықтарға нормативтер белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 200 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
13. | "Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы | АЭА (келісу бойынша), ӨҚМ, ЭМ |
2026 жылғы қыркүйек |
Ә.К.Махамбетов, Е.Е.Ақбаров, |
14. | "Кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны бұзу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын, кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 291 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы |
АЭА (келісу бойынша), ӨҚМ, ЭМ |
2026 жылғы қыркүйек |
Ә.К.Махамбетов, Е.Е.Ақбаров, |
15. | "Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уран өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 90-н/қ және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 577 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бірлескен бұйрығы | АЭА (келісу бойынша), ҒЖБМ |
2026 жылғы қыркүйек | Т.М.Жантикин, Г.І.Көбенова |
16. | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық операторды айқындау және ол туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
17. | Атом электр станцияларының ұлттық операторын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
18. | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператордың қызметін қаржыландыру тәртібін, тетігі мен көздерін айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
19. | Радиоактивті қалдықтарды көму үшін олардың қолайлылық өлшемшарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
20. | Радиоактивті қалдықтарды есепке алу мен бақылау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
21. | Радиоактивті қалдықтардың қалдық қоймаларын, сақтау пункттерін немесе көму пункттерін орналастыру, салу, пайдалану, пайдаланудан шығару немесе жабу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
22. | Радиоактивті қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау және көму қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
23. | Радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттерінің және көму пункттерінің қауіпсіздігін талдау жөніндегі есептерді дайындау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
24. | Радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды қоса алғанда, радиоактивті қалдықтарды және олармен жұмыс істеу объектілерін физикалық тұрғыдан қорғау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) | 2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
25. | Радиоактивті қалдықтарды көмуге беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
26. | Радиоактивті қалдықтардың жабылған көму пункттерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
27. | Радиоактивті қалдықтарды сыныптау өлшемшарттары мен тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
28. | Ядролық материалдарды және (немесе) радиоактивті заттарды радиоактивті қалдықтар санатына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
29. | Тарихи радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, сондай-ақ ядролық мұра объектілерін анықтау, зерттеп-қарау, олардың жай-күйін бағалау, есепке алу, оңалту, жою және (немесе) консервациялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
30. | Атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымдарын айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
31. | Атом энергиясын пайдалану саласында тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
32. | Атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде қолданылатын құжаттар мен актілердің нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
33. | Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін, сондай-ақ талаптардың нақты бұзуға қатысты жедел ден қою шараларының нақты түрін айқындауды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ғ.Е.Серғазин |
34. | Уранды барлауға арналған үлгілік келісімшартты бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
35. | Уранды барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
36. | Тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ уран кен орындарының жобалау құжаттарының және әзірлеме талдауларының тәуелсіз сараптамасына ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
37. | Уранды барлау, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және өндіру кезіндегі есептер нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
38. | Уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
39. | Уранға қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмыстарын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы | АЭА (келісу бойынша) |
2026 жылғы қыркүйек | Ә.К.Махамбетов |
40. | Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының уранды өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайыздан кем емес мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің бірлескен бұйрығы | АЭА (келісу бойынша), ОАМ |
2026 жылғы қыркүйек |
В.С.Лавренов |
41. | Электр желілерін салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2026 жылғы қыркүйек | С.Қ.Есімханов |
42. | Электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ |
2026 жылғы қыркүйек | С.Қ.Есімханов |
43. | Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының жобаларына кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ |
2026 жылғы қыркүйек | И.Ш.Шархан |
44. | Уран өндіру саласындағы цифрландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бірлескен бұйрығы | АЭА (келісу бойынша), ЖИЦДМ |
2026 жылғы қыркүйек |
Ә.К.Махамбетов, Б.А.Мұхаметқалиев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЭА | – | Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі |
ҒЖБМ | – | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ЖИЦДМ | – | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі |
ОАМ | – | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
ӨҚМ | – | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |