"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.".
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 117-ө өкіміне қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкіміне 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша).