1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 145-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Ислам Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өңірлік өкілдігінің директоры (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басқарушы директоры (келісу бойынша)".
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша) осы өкімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |